15:02, 30 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң қабылданды
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң қабылданғанын хабарлады.
- Мемлекет басшысы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ақпаратта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Сенат «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды мақұлдады.
2025 жылы Президент Әкімшілігіне 82,5 мың өтініш келіп түскен.