17:42, 29 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Құқық қорғау қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй төлемдері кімдерге тиесілі
АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет қаулысымен Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алатын лауазымдар тізбесі бекітілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппараты
- Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау қызметі
- Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі
- Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі
- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі
- Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі
- Кадрлық жұмыс департаменті, Өзіндік қауіпсіздік департаменті
- Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті
- Қаржы департаменті
- Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
- Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті
Сонымен қатар бұл төлемдер тұрғын үй төлемдерін ұйымдастырумен айналысатын қызметкерлерге берілмейді. Атап айтқанда:
- тіл саясатын;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғаммен байланыс жұмысын;
- құжаттамалық қамтамасыз етуді, соның ішінде құпия құжаттамалық қамтамасыз етуді;
- кадрлық қамтамасыз етуді (қызметтік, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жүзеге асыруды қоспағанда);
- қаржылық қамтамасыз етуді;
- ақпараттандыруды, цифрландыруды және ақпараттық ресурстарды қорғауды;
- материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске мәселелері асыру болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Сонымен қатар тізімге келесі ведомстволар енгізілді:
- Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің орталық аппараты
- Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппараты
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар департаменттері
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ТЖД Төтенше жағдайлар басқармалары
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитеті
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаменттері - Криминалдық полиция, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және кәсіптік даярлық қызметтері
Арнайы бөлімшелер:
- «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшелері
- Арнайы жедел ден қою жасақтары
- Жедел басқару орталығы
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, көліктегі) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері)
- Жедел басқару орталығы, кезекші бөлім
- Патрульдік полиция, айдауылдау қызметі, жолаушылар пойыздарымен бірге жүретін батальон
- Уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-бөлу орындары
- Кинологиялық қызмет орталықтары
- Тылдық қамтамасыз етуді іске асыру мәселелері олардың функционалдық міндеттеріне кіретін лауазымдар (полиция жүргізушілерінен басқа) ерекше жағдай болып табылады.
Қаулы 2025 жылғы 7 қазаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін ТЖМ қызметкерлеріне көтерме және қосымша төлемдер қалай кімге төленетіні жайлы жазғанбыз.