Құлсарыда су тасқынынан бүлінген нысандарды қалпына келтіру қалай жүріп жатыр
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Құлсары қаласында су тасқынынан бүлінген нысандарды қалпына келтіру жүріп жатыр.

Жем өзенінің арнасынан асқан тасқын су Құлсарыға кіріп, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бүлінген еді. Су тасқынан 5 мектеп, 3 балабақша және 1 саз мектебі зардап шеккен. Техникалық зерделеуден соң 3 ғимарат жарамсыз ден танылған. Өзге нысандарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалыпқа келтіру жұмыстарын тесерді. Мердігер мекемелерге жұмысты жеделдетуді тапсырды.
«Құлсары қаласында ұзындығы 12,1 шақырымды құрайтын 18 көше қайта жаңартылады. Қазір 6,8 шақырым жол жөнделді. Жұмыстарды жыл соңында аяқтау жоспарланып отыр», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, №8 орта мектепке және «Өркен» балабақшасында жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр. Бұл нысандар қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі.

Ал, «Болашақ» шағын ауданында 100 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазір 94 үйдің қабырғасы қаланып, 85-нің төбе жабындысы жабылған. Ал, 60 үйге сылақ, 42 үйге әрлеу жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, 62 үйге терезе орнатылған. Инженерлік-инфрақұрылым желілерін жүргізу аяқталып келеді.

«Қиын кезең артта қалды. Біздің міндет – қалыпқа келтіру жұмыстарын уақытылы атқарып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бар күшті салу. Жүз отбасы қоныс тойын жасауды асыға күтіп отыр. Уақыт аз, бірақ, үйсіз қалған тұрғындардың жағдайын ойлағанымыз жөн. Сондықтан, тұрғын үй құрылысына бақылауды күшейтіп, жұмыс қарқынын жеделдету қажет. Алдағы 1 қыркүйекке дейін 80 үйді, 5 қыркүйекте 20 үйді тұрғындар игілігіне беруіміз керек», - деді Серік Шәпкенов.
Әкімнің дерегіне сүйенсек, жаңа жаңа мауданға тас жол төсеуді кешіктірмей бастау қажет.
Сондай-ақ, Binom мектебі мен оқушылар сарайын салуға дайындықды жеделдеткен жөн.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендер үшін жаңа шағын аудан салынып жатқанын жазған болатынбыз.