Құлсарыда суға батып бара жатқан 9 бас жылқы құтқарылды

ҚҰЛСАРЫ. KAZINFOM — Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында құтқарушылар жылқылардың өміріне араша түсті. Бұл жайында Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады. 

В Кульсары из водной ловушки спасли 9 лошадей
Фото: Атырау облысы ТЖД

22 сәуір сағат 17:00 кезінде Жылыой ауданы Құлсары қаласында жиналған судың ортасынан шыға алмай қалған жылқылар жөнінде хабар түскен.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына аттанып, уақтылы жетті.

В Кульсары из водной ловушки спасли 9 лошадей
Фото: Атырау облысы ТЖД

Олар жылқыларды судан шығарып, 9 бас малды қауіпсіз жерге айдады. 

Зардап шеккендер жоқ.

Құтқару жұмысына 3 қызметкер, бір техника және қайық жұмылдырылған. 

В Кульсары из водной ловушки спасли 9 лошадей
Фото: Атырау облысы ТЖД

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жағалауға 2,7 млн құм толтырылған қап төселгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Атырау облысының БҚО-мен шекарадағы Бағырлай каналына мол су келді.

Құлсары қаласынан 887 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Стройка, строительство
Ұқсас жаңалықтар

Сапасыз құрылыс: Степногорскіде мердігерден 80 млн теңге өндірілмек