11:39, 16 Шілде 2025 | GMT +5
Жамбылдағы шекарадан 233 млн теңгенің темекісін жасырып өткізбек болғандар ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың 11 шілдеде Жамбыл облысының «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде шекарашылар темекінің ірі партиясын тасымалдау әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 466 мың қорап темекіні Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз, тасымалданатын жүкте жасырып әкелуге әрекеттенген.
— Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауардың құны 233 млн теңгеден асады. Ұсталған жүк әрі қарай тиісті органға берілді, — делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған дейін ҰҚК маусым айында шекара бұзған 5 мыңнан астам адам ұсталғанын мәлім етті.
Сонымен қоса 2025 жылдың басынан бері терроризмге қатысы бар деген күдікпен 3,5 мыңға жуық шетелдікке елге кіруге тыйым салынды.