21:40, 12 Маусым 2025 | GMT +5
                                        Құны 54 миллиард теңге болатын таулы аймақтағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының прокуратурасы таулы аймақтағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып алды.
 
                                              — Международная ассоциация клубов» ЖШС-не заңсыз түрде жеке меншікке берілген жалпы құны 54 миллиард теңге болатын 840 гектардан астам жер анықталды. Аталған жерлер су қоры санатына жатады және заң бойынша жеке меншікке берілмеуі тиіс, — делінген хабарламада.
2025 жылғы 12 маусымда Алматы сотының сот алқасы прокуратураның талап арызын қанағаттандыру туралы қаулы шығарды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қарағандыда құны 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.