21:21, 05 Қаңтар 2026 | GMT +5
Күннің бұзылуына байланысты бірнеше бағыт бойынша қозғалысқа шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — 5 желтоқсан сағат 21:15–те ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.
Қостанай облысы: — «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
Ақмола облысы: — «Қостанай- Әуликөл- Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған елді мекеніне дейін);
— «Жезқазған-Петропавл» 537-552 шақырым, Бұзылық а.- Сұрған қ.
Осыған дейін Шығыс Қазақстандағы жолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелгені туралы жаздық.