Құны млн теңгегеге жуық станоктарды ұрлаған Қарағанды тұрғыны ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасына Қарағанды Бекітілген жол дистанциясының бастығы шағым түсірді.
None
None

 Оның айтуынша, Ащысу стансасындағы құрал-жабдықтар қоймасынан белгісіз біреу рельс кесетін, бұрғылау және тегістеу станоктарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі - 975 000 теңге.  

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады.

Күдікті өз кінәсін мойындады.Заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188 бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар