Құрбан айтта өзбекстандықтар неше күн демалады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Құрбан айтты мерекелеу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. 

Өзбекстан
Фото: Ташкент қаласы әкімшілігі

Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым, жексенбі күніне түседі. Сондықтан демалыс дүйсенбі, яғни 17 маусымға ауыстырылды. 

Сондай-ақ сейсенбі, 18 маусым барлық жұмысшылар үшін қосымша демалыс күні болып жарияланды. 

Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін өзбекстандықтар Құрбан айтта қатарынан 4 күн демалады: 15 маусымнан 18 маусымға дейін. 

Қоса кетсек, бұған дейін қазақстандықтардың Құрбан айтта қанша күн демалатынын жазып едік.