Құрбан айттың бірінші күні атыраулықтар қоғамдық көлікте тегін жүреді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Құрбан айттың бірінші күні атыраулықтар қоғамдық көлікте тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шаһар басшылығы мен жолаушы тасымалдайтын компаниялар осындай шешім қабылдаған.

«Құрбан айт мейрамының алғашқы күні – 28 маусымда қоғамдық көліктер шаһар тұрғындары мен қонақтары тегін жүреді. Қоғамдық көліктер кестеге сәйкес таңертеңнен кешке дейін жолаушыларды тегін тасымалдайды. Жолаушылардың жас айырмашылығына шектеу қойылмайды. Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан жолаушылардың бәрі пайдалана алады», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір Атырауда жолаушы тасымалдаумен айналысатын бірнеше кәсіпорын бар. Қала мен оған таяу маңда орналасқан елді мекендерге жолаушы тасымалдау үшін күн сайын 240 автобус жолға шығады.

Еске сала кетелік, Атырауда Құрбан айтта 14 киіз үй тігіліп, 10 мың балаға сыйлық берілетінін жазған болатынбыз.

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, ертең, 28 маусымда Құрбан айт мейрамы кең ауқымда аталып өтеді.

«Қасиетті Құрбан айт елдің бірлігін нығайтып, өзара бауырластықты арттырады. Айт күндері шамасы жеткен адам құрбандық шалады. Биыл Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет орталық алаңында Құрбан айт мерекесіне орай 14 киіз үй тігіледі. Жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді. Тұрғындар айтыскерлер мен күйшілердің өнерін тамашалайды. Өңірдегі мешіттер 10 мың балаға арнайы сыйлық үлестіреді. Ниет етіп, шалынған құрбан малының еті әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы отбасыларға таратылады», - деп мәлім етті Алтынбек Ұтысханұлы.


Соңғы жаңалықтар