Құрбан шалу орындары бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры Құрбан айт мерекесі кезінде еліміз бойынша құрбан шалуға арналған арнайы орындардың тізімін ұсынды.

Астана қаласы бойынша құрбан шалу рәсімі «Жайлау», «Баракат», «Шанхай», «Шопан ата», «Ет хан», «Шаушен» шаруа қожалығы — Алаш тас жолы, 136Б мал базарларында жүзеге асырылады
Алматы қаласының тұрғындары құрбандықты «Алтын сақа» мал базарында шала алады.
Шымкент қаласында құрбан шалу орны ретінде «Халал Қасап» мал базары мен қасапханасы белгіленді.
Абай облысы, Семей қаласында — «Сары» мал базары және «Ақшың» қасапханасы.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласында — «Бижан ет өңдеу» және қалалық мал базарларында.
Ақтөбе қаласында құрбан шалу СПК «Айбек» ет комбинаты, «Дала елі» ЖШС, «Есік» ЖШС, ЖК «Молдабеков», ЖК «Қасым» мал базарларында өтеді.
Алматы облысында құрбандық Қонаев қаласы, Қарлығаш шағынауданында шалынады.
Атырау қаласында — «Тума» мал базары мен «Иманғали», «Құспан молла», «Қ.Мұңайтпасов» мешіттерінде.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында — «Ел ырысы» және «Адал ет» мал базарлары.
Жамбыл облысы, Тараз қаласында — «Байданов» және «Рамазан» мал базарлары.
Жетісу облысы, Талдықорған қаласында — «3-ші бөлімше» тұрғын үй алабы мен қалалық мал базары.
Қарағанды қаласында — «ТОО АРАЙ КЗ» (Гоголя 2/23), «ШҚ Хасенов» (Сейфуллина 53), «ИП АБИШЕВ» (Резника 18) мекенжайларында орналасқан мал базарлары.
Қостанай қаласында — «Амиго» және «СОЮЗ» ТС мал базарлары.
Қызылорда қаласында — 1 мал базары КЗО ет құрбан шалу үшін белгіленген.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында — «Көркем Әлем ет комбинаты» мал базары.
Павлодар қаласында — «Құлагер» ипподромы.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында — Жұмысшы кентіндегі (Космонавтар көшесі, 2) мал базары.
Түркістан облысында «Түркістан-Ахмет Яссауи» облыс орталық мешіті, «Кентау орталық», «Шолаққорған орталық», «Ысқақ» орталық, «Дәулетұлы Бегалы ата», «Түлкібас ата», «Нақыпбекұлы Әуен», «Ы.Иманалиев», «Нұр», «Мұсылмандар», «Абдул Әкім», «Шардара орталық», «Нұғман», «Сатыбалды Иманбердіұлы», «Дервиш Әли» мешіттері, сондай-ақ «Құлагер Ет» ЖШС, «Қарабұлақ», «Сайрам» қасапханалары құрбан шалу үшін арнайы белгіленген.
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында — «Құлжанов» және «Рыбачий» мал базарлары.
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында — «Атығай Асуы» құрбан шалу орны.
Айта кетейік,Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайтын іске қосқан болатын.