Құрбандар бар: Гондураста шағын ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM – Ұшақ Роатан аралының жағалауында теңізге құлаған. Бұл туралы Анадолы жазды.

Гондураста 17 адам мінген шағын ұшақ теңізге құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам қаза тапқан.
Роатан губернаторы Уго Вареланың айтуынша, ұшақ Хуан Мануэль Гальвес әуежайынан көтеріліп, Трухильо қаласына бағыт алған, бірақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай Роатан аралының жағалауында теңізге құлаған.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде құтқарушылар алты мәйітті тапқан, іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апаттан кейін ұшақ өртеніп кеткен, бұл құтқару қызметінің жұмысын қиындатып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайда әскери ұшақ апатқа ұшырағанын жазған едік.
Сондай-ақ, АҚШ әуежайында American Airlines жолаушылар ұшағы өртеніп кетті.