Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты

АҚТАУ. KAZINFORM - Құрық теңіз портындағы Саржа терминалының айлағында құрғақ жүк тасымалдауға арналған жаңа кеме суға жіберілді. Іс-шара аясында теңіз дәстүріне сай тұсаукесер рәсімі өткізілді. 

Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кемеге Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Нәсіпқали Марабаевтың есімі берілді.

Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Заманауи техникалармен жабдықталған «Nasipkali Marabayev» кемесі құрғақ және жалпы жүктерді тасымалдауға арналған. Жүк көтергіштігі — 7 000 тонна, ұзындығы — 136 м, ені — 16 м, биіктігі — 7 м. Әртүрлі климаттық жағдайға бейімделген кеме ашық теңіздер мен өзендерде де қозғала алады.

Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Көлікті жұмысын жаңа бастаған қазақ-араб бірлескен кеме қатынасы кәсіпорны басқарады. Кемеде 14 адамнан тұратын білікті қазақстандық экипаж қызмет етеді.

Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты шара аясында бірлескен кеме қатынасы кәсіпорнын ашқан Қазақстан және БАӘ компаниялары Каспий теңізінде жүретін жаңа кемелерге инвестиция тарту туралы меморандумға қол қойды. Кәсіпорын 2027 жылға дейін кеме санын алтыға жеткізуді жоспарлап отыр. 

Құрық порты құрғақ жүк таситын жаңа кемемен толықты
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, қазіргі таңда Құрық маңындағы Саржа көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы жалғасып жатыр. Жоба аясында алты терминал салу жоспарланған. Бұл терминалдар 2030 жылға дейін Транскаспий дәлізінің өткізу қабілетін жылына 5 млн тонна құрғақ және 7 млн тоннадан астам сұйық жүкке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгін Президент Марат Қарабаевқа Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуды тапсырды.

Айта кетейік, Транскаспий халықаралық дәлізі арқылы жүк тасымалы 10 млн тоннаға артады.

Соңғы жаңалықтар