Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құрылтай сайлауы: өз учаскеңізді қалай оңай табуға болады

АСТАНА.KAZINFORM – Биыл 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан азаматтары өз сайлау учаскесін алдын ала біле алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Құрылтай сайлауы: 7 саяси партия сайлауалды штабтарын ашты
Фото: Kazinform / ИИ

GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.
- https://www.gov.kz/sailau?lang=kk
- https://sailau.gov.kz/kk
- https://sailau2026.gov.kz/kk

Сонымен қатар өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.

ы
Фото: ОСК

Бұған дейін ОСК бюллетень нұсқасын таныстырған болатын.

Қазақстанда сайлаушыларға арналған онлайн-сервистер іске қосылады.

Сайлау кезінде қай елдерден байқаушылар келетінін жазған болатынбыз.