Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына шыққан командалар кімдермен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына шыққан командалардың жұптары анықталды.
Жарыстың аталған сатысында барлығы 16 команда сынға түседі. Елордалық «Барыс» биыл топтық кезеңде 22-орынды місе тұтып, плей-офф сатысынан тыс қалды.
Командалар екі конференция бойынша ойындар өткізеді. Алғашқы ойындар 29 ақпан мен 1 наурыз күндеріне белгіленген.
Батыс конференциясы
«Динамо Мәскеу» - «Динамо Минск»
СКА- «Торпедо»
«Локомотив» - ЦСКА
«Спартак» - «Северсталь»
Шығыс конференциясы
«Металлург» - «Амур»
«Авангард» - «Лада»
«Салават Юлаев» - «Трактор»
«Ак Барс» - «Автомобилист»
Плей-офф финалының соңғы ойыны 29 сәуір күніне белгіленген.