Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» ЦСКА командасымен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты. Оның жетеуі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Айта кетерлігі, елордалық клуб аталған командамен өткізген соңғы кездесуде қарсыласына есе жіберді.

Еске салсақ, турнирдің биылғы алғашқы екі ойынында елордада 3 қыркүйекте «Барыс» Ресейдің «Салават Юлаев» клубынан 1:5, «Металлург» (Магнитогорск) клубынан 1:2 есебімен жеңілді.

Одан кейін «Амур» (Хабаровск) командасынан 3:2 есебімен басым түсті. Төртінші ойынында ресейлік тағы бір клуб «Спартак» (Мәскеу) командасына 1:4 есебімен жол берді.

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты кезеңі 1 қыркүйекте басталды. Ол 2022 жылдың 1 наурызында мәресіне жетеді.

Одан кейін турнирдің плей-офф сатысы басталады.


Соңғы жаңалықтар