Құтқарушылар Алматы тұрғындарына тауға шықпауға кеңес берді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Күннің бұзылуына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тауға шықпауға шақырды.

Горы таулар
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

«19 мамырда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік- батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15- 20 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарды тауға шықпауға шақырамыз, – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Сондай-ақ, көліктерді ағаштардың түбіне қоймауға және түрлі құрылымның астында тұрмауға кеңес берді.

Осыған дейін Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге көшкені туралы жазғанбыз.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстыққа байланысты Алматы тұрғындарына үндеу жасаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар