Құтқарушылар мен әскерилер Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылына көмекке келді

Жайық
Фото: Атырау облысының жедел штабы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылына құтқарушылар мен әскерилер көмекке келді. Өйткені ортағасырлық Сарайшық қалашығы мен археологиялық қазба орындарындағы ежелгі қорымдарды су басу қаупі бар. 

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, мұнайлы өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің 40-қа жуық қызметкері Индер ауданынан аталған ауылға көмекке жіберілген. 

«Қазір Сарайшық ауылында Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына Қорғаныс министрлігі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 60, Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысындағы 52859 әскери бөлімінің 25 қызметкері жұмылды. Екі арнайы техника бар. Құтқарушылар мен әскери қызметшілер ортағасырлық қалашықтың айналасындағы қорғаныс қоршауын нығайтуға тартылады», - деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Мазар
Фото: Атырау облысының жедел штабы

Еске сала кетелік, бұған дейін Жайық өзенінен ортағасырлық Сарайшық қалашығына қатер төнбейтінін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар