Жайық өзенінен ортағасырлық Сарайшық қалашығына қатер төнбейді

Жайық
Фото: Атырау облысының жедел штабы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Жайық өзенінен ортағасырлық Сарайшық қалашығына да, ондағы көне қорымдарға да қауіп төнбейді.

Ортағасырлық Сарайшық қалашығы Жайық өзенінің жағалауындағы Сарайшық ауылдық округінің аумағында орналасқан. Бұл округ Махамбет ауданына қарайды. 

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметінше, Махамбет ауданында өзен деңгейінің қауіпті шегі – 8 метр 50 сантиметр. Бүгін, 3 мамырда батыр атындағы ауданда су айдынының деңгейі 8 метр 28 сантиметрге жетті. 

Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жаннат Кенжеғаиеваның айтуынша, елді мекенде су тасқынынан қорғайтын 13,6 шақырым бөгет бар. 

Сарайшық қалашығы
Фото: Атырау облысының жедел штабы

«Бөгеттің 5,4 шақырымы бұрын тұрғызылған. Ал, 8,2 шақырым жаңадан салынды. Қазір өзен жағалауын бекіту толық аяқталды. Жайық өзенінің суынан ауылға да, ортағасырлық Сарайшық қалашығы мен оның аумағындағы көне қорымдарға да қауіп төнбейді. Мұндағы археологиялық қазба орындары мен ескі қорымдар биіктігі 2,5 метр бөгетпен қоршалды. Тарихи қалашықтағы сапар-орталығының қоршауы жаңартылды», -деп хабарлады Жаннат Кенжеғалиева. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудың Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асқанын жазған болатынбыз

Осыған байланысты Махамбет ауданының жедел штабы күшейтілген жұмыс режиміне көшкен еді. 

Сондай-ақ, Махамбет ауданында 6 мыңнан астам оқушы сабақты онлайн оқып жүр. 

Соңғы жаңалықтар