Күзгі әскерге шақыру: 22 мың жас отан алдындағы борышын өтейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев биыл күзгі әскери шақыру қанша жасты қамтитынын айтты. 

Күзгі әскерге шақыру: 22 мың жас отан алдындағы борышын өтейді
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

— Президенттің Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап жергілікті атқарушы орган әкімдері орынбасарларының басшылық етуімен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға кірісті.

Желтоқсан айының 30-ына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18-ден 27 жасқа дейінгі 22 мыңға жуық ер азамат толықтырады, — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қорғаныс министрлігінің дерегінше, әскерге шақыруға жататын жастардың саны — 21 968 адам. Соның ішінде:

Қарулы Күштерге — 11 521 адам;

Ұлттық ұланға– 7 053 адам;

ҰҚК Шекара қызметіне– 2 700 адам;

ТЖ министрлігіне– 404 адам;

Мемлекеттік күзет қызметіне — 290 адам алынбақ.

Бұған дейін 28 тамызда Қазақстанда ресми түрде күзгі әскерге шақыру науқаны басталғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар