Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құзға өрмелеуден Қытайдағы әлем кубогына қатысатын спортшылар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Гуйян қаласында өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды.

в
Фото: ҚР ҰОК

Аталған бәсекеде ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың тізімі келесідей: Әлихан Татамбай, Анна Баларшина, Арина Новицкая.

Отандастарымыз «жылдамдық» дисциплинасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ жекелей және эстафеталық сайыстарда сынға түседі.

ҚР ҰОК мәліметінше, әлем кубогының кезеңі 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстандық «классиктер» U20 әлем чемпионатын бір алтын медальмен аяқтағанын жазған едік.

Әзім Ниязов таеквондодан Пәкістандағы турнирде қола жүлдегер атанды.