Қырғызстанда 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 4 шілдесі күні Алматы уақытымен 10 сағат 25 минут 20 секундта жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 505 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.3. Тербелісі - 4.4. Тереңдігі - 10 шақырым», делінген хабарламада.