Қырғызстанда бір тәулікте екі рет жер сілкінді

БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат - Кеше, 17 ақпанда Қырғызстанда екі рет жер сілкінді, деп хабарлады Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты.

Қырғызстанда бір тәулікте екі рет жер сілкінді

Бұл туралы ҚазАқпарат Қарғазстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, сағат 07:32-де Ош облысында эпицентрі 2,5 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Алай ауданы Бор-Дөбө ауылында да сезілді – 2,5 балл.

Сонымен қатар, Жалал-Абад облысының аумағында сағат 16:11-де эпицентрінде күші 3 балл болатын жер сілкінісі болды. Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші Кетмен-Төбе, Бор-Дөбө ауылдарында 3 балл шамасында болды.

Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ.