09:43, 06 Қаңтар 2021 | GMT +5
Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінді
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанның Ош облысында 5 қаңтарда жергілікті сағат 17:33-те 3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының ҰҒА Сейсмология институтының деректері бойынша 2,5 балдық дүмпуі Орқазған, Ақтерек, Ничке-Сай, Зергер, Саламалик, Эркин-Тоо ауылдарында сезілген.
Қазіргі мәлімет бойынша жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеген.