Қысқы Универсиада: Қазақстандықтар шаңғымен қоссайыстан бақ сынады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада спортшылар шаңғымен қоссайыстан сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасынан аталған сайыста Мағжан Амангелдіұлы мен Әли Асқар жарыс жолына шықты.

Жарыстың алғашқы кезеңінде спортшылар трамплиннен секіруден бақ сынады. Бұл жолы Мағжан Амангелдіұлы 81.5 балл жинап, 13-орын алды. Ал Әли Асқар 59.4 баллмен 17-орынға тұрақтады.

Алғашқы кезең нәтижесімен жапониялық Сакутаро Кобаяси 138.6 балл жинап, жеңімпаз атанды.

Сайысқа барлығы он тоғыз спортшы қатысты.

Енді 15 қаңтарда 10 шақырымға еркін мәнермен шаңғымен жарыс өткізіледі.

Еске салсақ, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынайды.

Сондай-ақ, шайбалы хоккейден Қазақстан студенттен құрамасы алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетті.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар