Қытай аумағында тағы да жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 13 қазан күні Алматы уақытымен сағат 13:56-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай аумағында тағы да жер сілкінді
Photo: ekonomigundemi.com.tr

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. MPV магнитудасы - 4,4. Эпицентр координаттары 42,34° с.е. 81,15°ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілгені туралы дерек жоқ»,-делінген хабарламада.

Бүгін таңертең Алматы уақытымен 07:08-де қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер асты дүмпулерін тіркеген.





Фото: ekonomigundemi.com.tr