10:18, 20 Шілде 2022 | GMT +5
Қытайда 4,8 балдық жер сілкінісі болды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАР) әкімшілік орталығы - Үрімжі қаласының маңында магнитудасы 4,8 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық орталығынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісі сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:33-те тіркелген. Зілзала ошағы Қытайдың Шыңжаңдағы Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданындағы Чанцзи қаласында орналасқан. Эпицентрде қуаты 4,8 балды құраған. Тереңдігі – 23 км.
Жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.
Чандзи қаласында 500 мыңнан астам адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағынан 40 шақырым жерде орналасқан Үрімжі қаласы тұрғындарының саны 4 миллионнан асады.
Фото: cnbcfm.com
Соңғы жаңалықтар