Қытайдағы қазақстандық дипломаттар алғашқылардың бірі болып дауыс берді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы ҚР Елшілігі жанындағы №257 сайлау учаскесінде Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-да сайлау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.
None
None

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін бірінші болып дипломатиялық өкілдіктің басшысы Шахрат Нұрышев пен оның әйелі дауыс берді.

null null

Одан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына бас хатшысының орынбасары Нұрлан Аққошқаров пен жұбайы, дипломаттар мен ұлттық компания өкілдері дауыс берді.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды.null


ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.null

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-де ашылады.

Соңғы жаңалықтар