Кюрасао ұлттық футбол командасы Гиннес рекордын орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Кюрасао ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына еніп, ФИФА әлем чемпионатына жолдама алған ең кішкентай ел атанды.

Футболисты Кюрасао установили рекорд Гиннесса
Фото: curacaochronicle.com

16 маусымда Гиннестің рекордтар кітабы АҚШ-тың Хьюстон қаласында Кюрасао футбол федерациясының президенті Гилберт Мартинаға ресми сертификат табыс етті.

Іріктеу кезінде Кюрасао халқының саны небәрі 156 115 адамды құрады, бұл 2018 жылы іріктеу кезінде халқының саны шамамен 350 000 болған Исландияның бұрынғы рекордынан асып түсті.

Кюрасао ұлттық құрамасы өзінің алғашқы матчын 14 маусым, жексенбі күні өткізіп, 2026 жылғы ФИФА әлем чемпионатында 7:1 есебімен жеңілді.

Команда E тобында Эквадор және Кот-д’Ивуармен кездеседі.

Айта кету керек, биыл әлем чемпионатында төрт команда дебют жасады: Иордания, Кабо-Верде, Кюрасао және Өзбекстан.

Осыған дейін Килиан Мбаппенің қос голы әлем чемпионатында Францияға жеңіс сыйлағанын жазғанбыз.