Қызметтік иттің көмегімен Шымкент тұрғынынан героин табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері 14 қаңтарда сағат 20.45-те вокзал перронынан 46 жастағы ұстады.
None
None

Тексеру барысында көлік полицейлері «Пегас» лақап атты қызметтік иттің көмегімен күдіктіден 4 грамнан аса героин тапты.

Ұсталған азамат Шымкент қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4- бөлімімен, яғни аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар