Қызылорда қаласына қарасты ауылдарда әлеуметтік мәселелер шешілді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты ауылдық округтерде «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында игілікті істер атқарылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыс орталығына іргелес жатқан Ақсуат ауылдық округінде аталған бағдарламасы аясында бірқатар маңызды жобалар қолдау тапқан. Солардың бірі - №143 орта мектепті күрделі жөндеу жұмыстары. Білім ошағының ғимараты 1982 жылы салынған. Қырық жылға жуық уақыттан кейін мектеп ғимаратын жаңғырту шарасына мән берілді. Бүгінде құрылыс толығымен аяқталды.

Биыл округтегі 16 көше орташа жөндеуден өтті. Олардың 7-не асфальт салынып, қалғанына қиыршық тас төселеді. Үнемделген қаржы есебінен жыл соңына дейін тағы 5 көшеге орташа жөндеу жүргізілмек. Бұл тірліктерге ауылдың 40 азаматы еңбекпен қамтылған. Ауылда бағдаршам, жарық бағаналары орнатылып, жаяу жүргінші жолдарына қажетті құрылыс заттарын тиімді пайдаланылды. Орталық көшелерге брусчаткалар мен бордюрлап пайдаланылып, сол арқылы тротуар салынған.

Ал Ақжарма ауылдық округінде биыл «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында «Облыстық наркология орталығына» қарасты медициналық бөлімше жаңғыртылуда. Бөлімше ғимараты 1983 жылы салынған. Жөндеу жұмыстарын «Болашақ Интернэйшн Девелопмент» ЖШС атқаруда. Қазір қайта жаңғырту 60 пайызға орындалған. Мердігер компания жөндеуді желтоқсан айына дейін толығымен аяқтауды межелеп отыр.

Ауылдық округке қарасты Талдыарал елді мекенінде жол мәселесі толығымен шешілген. Биыл ауылда ауыз су мен кәріз құбырлары да толығымен жаңартылды. Ал 900-ге тарта тұрғыны бар Талдыаралда жаңадан қоныстанушыларға жер беру қарқынды жүргізілуде. Қазір 200-ден аса жер телімі ашылып, қиыршық тас төселіп, ауыз су құбыры тартылған. Ендігі кезекте жарық жүйесін жеткізу мәселесі тұр.

Сондай-ақ, Қызылордада «Дәрігерлер аллеясы» ашылады.


Соңғы жаңалықтар