Қызылорда қаласында биыл 1244 кәсіпкерлік нысаны ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жыл басынан бері 1244 кәсіпкерлік нысаны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қызылорда қаласында 1 тамызға дейінгі мәлімет бойынша, 25 мың 681 шағын кәсіпкерлік нысаны бар. Оның ішінде 21 526 нысан нақты жұмыс істеп тұр. Олардың арасында 83,8 проценті белсенді қызмет көрсетеді. Облыс көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының тең жарымына жуығы Қызылорда қаласының үлесіне тиеді.

«Шағын және орта бизнес нысандары биыл 51,8 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда біршама өсті. Айта кетерлігі, кәсіпкерлік нысандарында еңбекпен қамтылған азаматтар саны артып келеді. Биыл 1244 кәсіпкерлік нысаны өз жұмысын бастады. Оған қоса айналымы 2 млн. теңгеден асатын нысандар саны көбейді. Бұл орайда мемлекеттік бірқатар бағдарланың пайдасы тиіп отыр. Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 54 жоба қолдау тауып, оның ішінде қазірге дейін 33 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерде 55 жобаның құжаттары қаралуда», - деді Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Аманкелдиев.

Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша қала кәсіпкерлері үлкен қолдауға ие болды. Жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылған уақыттан бері қала бойынша жалпы құны 32 жоба қолдау тапты. Олардың жалпы құны 2 млрд. 549 млн. теңгені құрайды. Биыл бұл бағытта 11 жоба қаржыландырылды. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға жоғарылаған.

Қызылордада тұрақты Жол картасы аясында 452 жұмыс орны сақталады.



Соңғы жаңалықтар