Қызылорда қаласында көктайғақ жол қатынасын қиындатты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ауа райының қолайсыз болуынан жолдарда көктайғақ болып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласында көктайғақ жол қатынасын қиындатты

Осы мақсатта қала әкімдігі тарапынан тиісті іс-шаралар атқарылуда.

«Көктайғақты болдырмау үшін көшелерге құм араласқан қоспа себілуде. Бұл бағытта «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-нің 32 бірлік арнайы техникасы мен 120 қызметкері жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы жергілікті тұрғындардан сақтық шараларына назар аударуын сұрайды.

«Ауа райы температурасының төмендеуіне және толассыз жауған жауын-шашынға (жаңбыр, қар) байланысты автокөлік тас жолдарында көктайғақ болуы ықтимал. Сондықтан автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге сақ болып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.

Сондай-ақ, мұндай жағдай облыстың бірқатар аймағында байқалуда. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан көктайғақ салдарынан «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген», «Самара-Шымкент-Тереңөзек» бағыттарында жол жабық екені хабарланды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан жол жабылды.