Қызылорда облысына травматикалық қаруларды сатып алуға 12 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді
Аталған акция қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы №1145 қаулысымен бекітілді.
Травматикалық қаруды ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыру осы мақсатқа көзделген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 12 343 000 теңге бөлінген.
Акция басталған уақыттан бері тұрғындардан әр түрлі үлгідегі 35 дана жарақат салатын патрондарымен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қарулары тапсырылды.
Қазіргі таңда, қабылданған атыс қаруларға тиісті сараптамалар тағайындалып, комиссия мүшелерімен қорытынды шығарылуда. Қаруды тапсырған жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1145 қаулысының қағидасына сәйкес, 1-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 90%-ы есебінен, 2-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 70 %-ы есебінен, ал 3-санатқа жатқызылған қару үшін көзделген құнының 50 %-ы есебінен қаражат төленеді.
2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.