Қызылорда облысында алаяқтық қылмысы 54,4 пайызға азайды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында алаяқтық қылмысы 54,4 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жыл басынан бері алаяқтық қылмысқа қатысты 139 іс тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 54,5 пайызға төмен. Ал интернет-алаяқтық қылмысы 68,3 пайызға азайды.

«Биыл алаяқтыққа байланысты 13 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ, қаржы пирамидасын құрудың 1 дерегі анықталды. Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Жыл көлемінде тұрғындар арасында алаяқтықтың құрбаны болмау үшін профилактикалық шаралар жүргізіледі. Көбінесе алаяқтар адамдарға қоңырау шалып немесе «Whatsapp» желісі арқылы жеңіл ақша ұсынады. Сондықтан таныс емес адамнан осы секілді ұсыныстар түссе, жіті тексеруді немесе полиция қызметкерлеріне хабарласуды сұраймыз», - деді облыстық полиция департаментінің тергеу жөніндегі басқарма бастығы Нұрсұлтан Әлтай.


Соңғы жаңалықтар