Қызылорда облысында құдыққа құлап кеткен 76 жастағы қария құтқарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында құдыққа құлап кеткен 76 жастағы қария құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қызылорда облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Оқиға бүгін, 25 шілдеде сағат 7.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде болған. Бұл жөнінде 112 пультіне келіп түскен шақырту бойынша аудандық №9 өрт сөндіру бөлімінің мамандары жедел жұмылдырылды.


«Құтқару барысында 1947 жылғы үй иесінің ауласындағы тереңдігі 4 метрлік ауыз суға арналған құдыққа ағаш саты арқылы түскені анықталды. Онда су сорғысын алу кезінде саты сынып кетіп, құлап кеткен. Мамандар азаматшаны 7.26-да саты және құтқару арқанының көмегімен сыртқа алып шықты. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада төрт үйде өрт болып, 8 сиыр өртеніп кетті.


Соңғы жаңалықтар