Қызылорда облысында сайлаушылар тізімі жасалуда

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихат депуттаттарын сайлауына Қызылорда облысында дауыс беруші 492 443 азаматтың тізімі жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде барлығы 516 сайлау комиссиясы орналасқан. Олардың 9-ы аумақтық (63 адам), 134-і округтік (670 адам), 373-і учаскелік (2649 адам) сайлау комиссиясы. Онда барлығы 3382 адам қызмет атқарады. Барлық сайлау комиссия мүшелеріне оқыту және әдістемелік бағыт-бағдар беру үшін арнайы оқыту-семинары жүргізілуде. Сайлаушылардың дауыс беру учаскесін нақтылау үшін telegram бот және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі іске қосылған. Оған қоса 109 call-орталығы жұмысын бастады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық сайлау комиссиясынан.


Соңғы жаңалықтар
telegram