Қызылорда тұрғыны көшеде шолақ мылтық алып жүрген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көше бойында қару алып жүрген жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға Қызылорда қаласының Журба көшесінің бойында белгісіз азаматтың қару алып жүргендігі жөнінде хабарлама түседі. Соған сәйкес жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде қалада тұратын 38 жастағы азамат ұсталып, шолақ мылтық тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ұсталған күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен оған

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалуы мүмкін», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейінҚызылордада гараждан қымбат көлік ұрлағандар іздестіріліп жатқанын хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram