Қызылордада 251 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Өңірде қатерлі індетке қарсы екпе қабылдау 1 ақпаннан басталды. Нәтижесінде қазір вакцинаның бірінші компонентін алғандар 251 мыңнан асса, екінші компонентін 196 мыңнан астам адам салдырды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, екпе қабылдағандар қатарында педагогтер, медицина саласының мамандары, құқық қорғау органы қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, студенттер саны басым.
«Өңірде егде жастағы адамдар да қатерлі індетке қарсы вакцина қабылдауда. Вакцинадан кейін тұрғындарда асқыну болған жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Айта кету керек, коронавирус инфекциясына қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті мен 37 жылжымалы пункттің жұмысы ұйымдастырылған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Гүлшара Әбдіқалықова өңір жұртшылығына үндеу жолдады