Қызылордада 76 жастағы қария коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 76 жастағы ер адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада 76 жастағы қария коронавирус жұқтырды

Соңғы тәулікте Қызылорда облысында коронавирус инфекцияс белгісімен 4 адам тіркелді. Вирусты жұқтырудың 1 дерегі Қызылорда қаласында болса, 2-і Арал, 1-і Шиелі ауданында тіркелді.

«Науқасқа шалдыққандар - 1989, 1970, 1983 және 1944 жылы дүниеге келген азаматтар. Олар денсаулық жағдайына байланысты шағымымен өздігінен медициналық көмекке жүгінген. ПТР анализдері алынып, зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 465 адам бар. Оның ішінде 291 адам сырқатынан жазылып шықты.