Қызылордада адам қаққан көлік жүргізушісі табылмай жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында түнгі мезгілде адам қағып, оқиға орнынан бой тасалаған көлік жүргізушісі үш айдан астам уақыттан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада адам қаққан көлік жүргізушісі табылмай жатыр

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, адам өліміне соқтырған бұл оқиға үстіміздегі жылдың 7 мамырында Қызылорда қаласындағы «Сабалақ» саяжайына кіре берістегі тасжолдың бойында болған. 

«Көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған. Бұл жол-көлік оқиғасын көргендер немесе білген, естіген куәлер болса, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіне хабарласуын сұраймыз», - дейді Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлжахан Қайырбергенова.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 53 бабына сәйкес, кінәлі тұлғаның айыбын мойындап келуі қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып табылатындығын хабарлайды.