Қызылордада «Әлем таныған Елбасы» иллюстрациялық кітап көрмесі ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Елбасының жеке кітапханасы жинағынан жасақталған «Әлем таныған Елбасы» иллюстрациялық кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Қызылорда облысында өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында өткізіліп отыр.

Көрменің мақсаты - өмірлік жолын қазақстандық мемлекеттіліктің жасампаздығына толықтай арнаған Елбасының жан-жақты тұлғасын ашу.

Бүгінде елімізді әлем халқы жақсы біледі. Бейбітшілік пен татулықтың алтын тұғырына айналған тәуелсіз Қазақстан экономикасы қарыштап дамып келе жатқан іргелі мемлекеттің бірі саналады. Бұл орайда жоғары жетістікке жеткен жас мемлекеттің қалыптасу жолында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі ерекше.

Иллюстрациялық кітап көрмесінде халық назарына авторлық биографиялық жарияланымдар мен очерктердің басты кейіпкері ретінде Елбасының саяси және қоғамдық өмірін, қызметін ашатын кітаптар және фотоқұжаттар ұсынылды. Жалпы есеппен, көрмеге Елбасы туралы жүзден аса кітап пен Президенттің жеке кітапханасының 20 фотоқұжаты қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ал Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессия өтті. Сондай-ақ, Н.Бекежанов атындағы драма театрында концерт ұйымдастырылды. Ал 9 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Н.Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

null

Соңғы жаңалықтар