Қызылордада бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері таңдауын жасады
Ол Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі №170 мектепте орналасқан №362 сайлау учаскесінде таңдау жасады.
Дауыс беру рәсімінен кейін ол жүрекжарды лебізін жеткізді.
«Бүгінгі сайлаудың мән-маңызы жоғары. Себебі біз ел тарихында ерекше орын алар саяси науқанға қатысып отырмыз. Әрбір азамат ерікті түрде дауыс беріп жатыр. Мен де көпшілікпен бірге өз сайлау учаскеме келіп таңдауымды жасадым. Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді ол.
Учаскелік комиссия төрағасы Нұрлан Имашев еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіретіп жүрген былғары қолғап шебері Гүлсая Ержанға алғысын айтты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 101 жастағы ардагер таңдауын жасаған еді.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында бір үйдің 8 келіні бір мезетте дауыс берді.