Қызылордада каналға құлаған төрт жасар қыз бала мерт болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында каналға құлаған төрт жасар қыз бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада каналға құлаған төрт жасар қыз бала мерт болды

Қайғылы оқиға Сырдария ауданына қарасты Ақжарма ауылына бес шақырым қашықта орналасқан каналда болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған қыз бала каналға абайсызда құлап кеткен.

«Мәйіт жергілікті тұрғындардың күшімен судан шығарылды. Сол азаматтардың күшімен жерленді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 18 адам суға кетті. Оның 8-і – бала.

Бұдан бұрын Қызылордада көл жағасында бас қосқан жеті жігіттің бірі суға кеткендігін жаздық.