Қызылордада көлік апатынан екі адам көз жұмды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жол-көлік оқиғасынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада көлік апатынан екі адам көз жұмды

Қайғылы оқиға бүгін таңертең болған. Қызылорда қаласының орталық бөлігіндегі Қорқыт ата және Желтоқсан көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты.

«Mercedes-Benz» көлігінің иесі қарама қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen» маркалы автокөлікке жол берместен бұрылған. Оқыс оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.