Қызылордада «Н.Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» конференциясы өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт Ата атындағы ҚМУ студенттер сарайында «Н.Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы ұйымдастырған «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» жылжымалы көрме жобасы аясында ұйымдастырылды.

Конференцияға Түркия, Германия, Канада, Оңтүстік Африка, Кения, Уганда, Филиппин және еліміздің барлық өңірлерінен меймандар келді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен ғалымдары қатысты.

«Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзі киелі Сырдың келбетін айқындап тұр. Бүгінде аймағымыз көптеген салалар бойынша республикада көшбасшылар қатарында келеді. Әсіресе, инвестиция тартуда, өңдеу өнеркәсібін дамытуда, құрылыс салуда, әлеуметтік дамуда біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы 2015 жылдан бастап оқыту семинар-тренингтер жобасын қолға алды. Ол жоба жастарға арналған «Болашаққа жол әрқайсымыздан басталады» тақырыбына арналған.

«Халықаралық-практикалық конференция тақырыбы «Жастар саясаты: болашақ бүгіннен басталады» аталды. Осы орайда Елбасымыз белгілеп берген жастарды қолдау бойынша басымдықтарды жүзеге асыру жолдарын талқылаймыз. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын сабақтастықты қамтамасыз етуге назар аударамыз», - деді Ә.Рахымжанов.

null

Конференция пленарлық отырыспен басталып, секциялық отырыстарға жалғасты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ал Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессия өтті. Сондай-ақ, Н.Бекежанов атындағы драма театрында концерт ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар