Қызылордада оқушылар төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқиды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында төртінші тоқсаннан бастап өңірдегі жалпы білім беретін мектептердегі барлық сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Алайда сыныптағы бала саны 25 адамнан аспауы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазір өңір эпидахуал бойынша жасыл аймақта тұр. Сондықтан облыста карантин талабы жеңілдетілген жаңа қаулы шықты. Онда көрсетілгеніндей, контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытылады. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі.

«Дегенмен облыста коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы әлі де тұрақсыз. Сондықтан білім ұйымдарында да сақтық шаралары жоғары деңгейде болуы керек. Себебі өткен тәулікте 13 дерек тіркелді. Қазір өңірде бұл дертті жұқтырғандардың саны 4007-ге жетті. Кейін опық жемес үшін бұл қауіпті вирустың таралуын тоқтатуға барымызды салуымыз қажет. Ал ол үшін қарапайым ғана сақтық шараларын орындау жеткілікті», - деді облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

Айта кетейік, оқу санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтай отырып жүреді. Жаңа өзгеріс бүгіннен бастап күшіне енді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада соңғы аптада карантин талабын сақтамаған 8 той тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар