Қызылордада сайлауға түсіп жатқан ең жас және ең егде үміткердің жасы қаншада

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 522 азамат ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарға кандидат ретінде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада сайлауға түсіп жатқан ең жас және ең егде үміткердің жасы қаншада

Парламент Мәжілісіне ұсынылған 15 кандидаттың алтауы өзін-өзі, біреуі қоғамдық бірлестіктен, үшеуі партия тарапынан ұсынылды.

Нәтижесінде 2 азамат өз өтініші негізінде құжаттарын тіркеуден бас тартса, 3-і азамат талапқа сәйкес құжаттарын тапсырған жоқ.

«Облыстық мәслихатқа барлығы 115 азамат тіркелді. Оның ішінде бірмандаттық негізде 49, партиялық тізіммен 66 кандидатқа тіркеу куәлігі берілді. Қалалық мәслихатқа 82, аудандық мәслихатқа 315 азамат тіркелді. Орташа алғанда бір мандатқа 3,3 адамнан келеді. Ең үлкен бәсеке төрт округте 5 адамнан болып тұр. Оның 1-і Арал, 3-і Жаңақорған ауданында есепке алынған. Тіркелген кандидаттардың 378-і ер, 68-і әйел. Ең жас кандидат 2001 жылғы болса, ең ересегі - 1957 жылғы тұрғын», - деді облыстық сайлау комиссиясынан.

Олардың мәліметінше, өз өтініші негізінде 57 үміткер құжатын кері қайтарып алған.

Оның ішінде 2-і Мәжіліс, 9-ы облыстық, 46-ы қалалық және аудандық мәслихатқа үміткер болған еді.

Еске салсақ, Қызылорда облысында дауыс беруші 492 443 азаматтың тізімі жасалды.