Қызылордада тамыз айында 130 карантин талабын бұзу дерегі анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тамыз айында мониторингтік топ мүшелері 130 карантин талабын бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада тамыз айында 130 карантин талабын бұзу дерегі анықталды

Өңірде мониторингтік топ жұмыстары күшейтілді. Бүгінге дейін 12 803 нысанға рейд жүргізілді. Нәтижесінде 545 карантин талабын бұзу жағдайы анықталып, оларға 37,7 млн. теңге айыппұл салынды.

Ал тамыз айында 705 нысанға тексеріс жүргізілген болатын. Нәтижесінде мониторингтік топ мүшелері 130 карантин талабын бұзу жағдайын анықтады. Оларға 5,7 млн. теңге айыппұл салынды.

Көпшілік арасында карантин талабына қарамастан қыз ұзату, үйлену тойы, бесік той, құдалық ​өткізетін жағдайлар кездеседі.

Мобильдік топ мүшелері осындай орындарға барып, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Той иелерінен түсініктеме алып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.​

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында мониторинг топ өкілдері бір күннің ішінде бірнеше тойға жиналғандарды таратты.