Қызылордада тергеу изоляторында отырған әйел босанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ЗК-169/1 тергеу изоляторы мекемесінде отырған азаматша екінші перзентін дүниеге алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қызылордада тергеу изоляторында отырған әйел босанды

Азаматша Қызылорда қалалық тергеу сотының 2019 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес ЗК-169/1 мекемесіне жіберілген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2,3 тармақтарымен «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған.

Әйел 10 маусым күні Ана мен бала орталығында босанып, екінші перзентін дүниеге алып келді.

«Аталған азаматшаға ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті. Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі нәрестенің құжаттандыру жұмыстарымен айналысуда. Қылмыстық ісі бойынша шешімді заң талаптарына сәйкес мерзімінде сот органдары қабылдайды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.